Павлодарда полиция қызметкерлері есірткіні жасырын қойып кетушіні анықтады
Павлодар қаласындағы Естай көшесінде жедел уәкілдер тыйым салынған заттардың шағын партияларын сатушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 грамнан астам синтетикалық есірткі әлеуетті тұтынушыларға жеткізілмей қалды.
Анықталғандай 24 жастағы ер адам жеңіл ақша іздеп, интернет-дүкенге есірткі заттарын салушы курьер болып жұмысқа орналасты.
Қаскүнем есірткінің үлкен партияларын кішігірім дозаларға бөлді. Содан кейін дилер оларды Павлодар қаласының әртүрлі жерлеріндегі құпия жерде жасырып, қалдырып кетіп отырды. Есірткі сатушының жеке басын және оның қылмыстық іс-әрекетінің схемасын анықтау үшін полицейлер жедел шаралар кешенін жүргізді, нәтижесінде жас жігіт ұсталды.
– Қаптамашылардың мансабы алысқа бармады, жас жігіттің абайсыз әрекеті үшін ауыр жаза қолданылады, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Күдікті қамауға алынды.
Осы баптың ең жоғарғы санкциясы айыпталушының мүлкін тәркілеп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.