Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полиция қызметкерлері түлектермен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді

Павлодарда Жастар бастамаларын дамыту орталығында қалалық полиция басқармасының қызметкерлері мектептің бітіруші сынып оқушылары арасында кәсіби бағдар беру бағытында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жас түлектерді ішкі істер органдарында қызмет етуге тарту, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беру.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орындарына түсу тәртібі мен қабылдау шарттары жөнінде толыққанды ақпарат ұсынды.

Оқушыларға үміткерлерге қойылатын талаптар, іріктеу кезеңдері, медициналық тексеруден өту тәртібі, сондай-ақ кәсіби-психологиялық тестілеудің маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.

Сонымен қатар ҚР ІІМ-нің ведомстволық жоғары оқу орындарында білім алудың артықшылықтарына ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, мемлекеттік қамтамасыз ету, сапалы білім алу, оқу орнын аяқтағаннан кейін кепілдендірілген жұмысқа орналасу, мансаптық өсу мүмкіндіктері мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуы сөз болды.

— Мұндай іс-шаралар жастардың мамандықты саналы түрде таңдауына, құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және ішкі істер органдарындағы қызметке деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізеді, — деп атап өтті Павлодар қаласы полиция басқармасының жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы Ринат Сұлтанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру