Павлодарда полиция тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Павлодарда полиция тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік бөлімінің №14 тірек пунктінің учаскелік инспекторлары супермаркет аумағында азаматтармен интернет-алаяқтық тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сауда орнының келушілеріне келесі маңызды кеңестер жазылған жадынамалар таратылды: SMS-кодтар мен банк карталарының деректерін ешкімге бермеңіз; күмәнді сілтемелерге өтпеңіз; бейтаныс қосымшаларды жүктемеңіз; ақшалай қаражатты деректі жеке тексермей тұрып аудармаңыз.
Азаматтарға алаяқтардың өздерін банк қызметкерлері, жеткізу қызметі өкілдері немесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстыратыны ескертілді. Олардың басты мақсаты – азаматтардың ақшасына және жеке мәліметтеріне қол жеткізу.