Павлодарда полиция жастармен құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын өткізді
Павлодарда полиция жастармен құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының орталық жағалауында Павлодар облысы ПД ҰҚҚБ қызметкерлері бопсалау мен адам саудасының алдын алу, сондай-ақ аталған қылмыстар үшін көзделген жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
– Іс-шара азаматтардың осы мәселелер бойынша хабардарлығын арттыру, өзін қорғау тәсілдеріне үйрету және мұндай құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік туралы ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылды, – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД қызметкерлері.
Полиция қызметкерлері заңды сақтау маңыздылығын атап өтіп, аталған қылмыстардың алдын алу жолдары және қажет болған жағдайда қайда жүгіну керектігі туралы ақпарат берді.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыс фактілерінен мысалдар келтіріп, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік шараларын түсіндірді.
– Біздің міндетіміз – жастарға әрдайым шығу жолы бар екенін, әрдайым қолдау бар екенін көрсету. Мәселелер туралы ашық айтуға үйрену және дер кезінде көмекке жүгіну өте маңызды. Мұндай кездесулер жастардың өздерін жалғыз сезінбеуіне, хабардар әрі қорғалған болуына көмектеседі.
Аталған кездесулер құқық бұзушылықтардың алдын алуға және білім алушылар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған, – деп атап өтті ведомство өкілдері.
