Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицияда Отбасы күні атап өтілді

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде еліміз Отбасы күнін атап өтеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл мерекені құру идеясы 2009 жылы, еліміздің әйелдер істері және отбасылық-демографиялық жағдай жөніндегі ұлттық комиссиясы Қазақстанда 15 мамыр Отбасы күнін Халықаралық күнге орайластыра отырып құру туралы бастама көтерген кезде айтылды. 2013 жылы Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы мерекелерінің тізбесіне өзгерістер енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Осы Жарлықпен елде жаңа мереке құрылып, оны мерекелеу күні де нақтыланды. Мемлекет мүгедек балалар тәрбиеленіп жатқан толық емес, көп балалы отбасылар мен отбасылардың проблемаларын шешуге де ерекше көңіл бөліп келеді. Осы жылы мереке 13 қыркүйекке түсіп отыр. 

– Отбасы – басты әлеуметтік институттардың бірі. Бұл ұрпақтар сабақтастығын байланыстырушы. Себебі, онда өмірге деген құндылықтар мен көзқарастар қалыптасады, – дейді полиция қызметкерлері.

Отбасы күні қарсаңында полиция ведомствосында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Атап айтсақ, отбасы туралы мақалалар топтамасы, «Менің отбасым – менің әлемім!» тақырыбында суреттер конкурсы, «Отбасы мен үшін нені білдіреді?» тақырыбында бейне роликтер сынды жобалар іске асырылмақ. Мақалалар топтамасында ата-анам ішкі істер органдарында қызмет етеді деген толғамдағы полиция қызметкерлерінің балалары арасында ұйымдастырылмақ. Еліміздің барлық отбасылары толыққанды, бақытты әрі баянды ғұмыр кешуіне тілектеспіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру