Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицияға бейне байланыс арқылы хабарласушылар саны артты

Павлодарда полицияға бейне байланыс арқылы хабарласушылар саны артты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Ағымдағы жылы омниканалдылық жүйесі арқылы полицияға көмекке Павлодар өңірінің 200-ге жуық тұрғыны жүгінді, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Штаб басқармасы бастығының орынбасары Ерболат Мұратхожин.

Оның айтуынша, осы қосымшаның көмегімен азаматтар құқық бұзушылықтар туралы бейне және аудио қоңыраулармен, сондай-ақ мәтіндік хабарламалармен хабарлай алады. Мұндай жүйенің артықшылығы – полиция операторы оқиға орнында болып жатқан жағдайды «онлайн» режимінде көріп, қоңырау шалушының орналасқан жерін дереу анықтап, жедел әрекет ету шараларын қолдана алады.

Мысалы, 25 мамырда Павлодар қаласының полиция операторына «102» мобильді қосымшасы арқылы бейне қоңырау келіп түсті. Жергілікті тұрғын балалардың аула алаңында бірнеше ер адам спирттік ішімдік ішіп жатқанын айтты. Әйел операторға нақты уақыт режимінде ұялы телефонның бейнекамерасы арқылы жағдайды көрсетті.

Осының арқасында диспетчер бұзушылықты жедел тіркеп, орналасқан жерін анықтап, автопатрульді тез арада сол жерге жібере алды. Мас құқық бұзушыларды полиция қызметкерлері Уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына жеткізді, сондай-ақ олардың әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Полиция еске салады, Ішкі істер министрлігі «102» мобильді қосымшасын іске қосты, ол азаматтардың хабарламаларын қабылдауға арналған «Омниканальность» жобасының бөлігі болып табылады және полиция қызметкерлерінің құқық бұзушылықтар мен оқиғаларға одан әрі жедел әрекет ету мақсатында жасалған. Ол үшін өзіңіздің немесе туысқаныңыздың телефонына тек «Police 102» қосымшасын қосу керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру