Павлодарда пробация қызметкерлері мектеп оқушыларына дәріс өткізді
Павлодарда пробация қызметкерлері мектеп оқушыларына дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық проблемасы көп жылдар бойы өзекті болып келеді, өйткені дәл осы жаста бала көбінесе сыртқы әсерге ұшырайды. Баланың мінез-құлқына көптеген факторлар әсер етеді – әлеуметтік орта, отбасылық қарым-қатынас және әлеуметтік желілер. Осыған байланысты Павлодар қаласы пробация қызметінің қызметкерлері қала мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың және қоғамға жат өмір салтын алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Сондай кездесулердің бірі жуырда Павлодар қаласындағы №14 орта мектепте өтті. Іс-шараға Пробация қызметінің қызметкерлері, мектеп мұғалімдері және барлық қызығушылық танытқан мектеп оқушылары қатысты.
Әңгімелесу барысында оқушыларға құқық бұзушылық, қылмыстық жауапкершілік және т.б ұғымдар түсіндірілді. Олар сондай-ақ барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді, адам неше жастан бастап және қандай әрекеті үшін жауапқа тартылуы мүмкін екенін түсіндірді.
– Кәмелетке толмағандардың әрекеті үшін жауапкершілік тек мектеп пен ата-ананың мойнында емес – бұл бүкіл қоғамның мәселесі. Ал егер мемлекет алдында заңға бағынатын, білімді, мықты ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұрса, бұл міндетті бірге меңгеруге болады. Қылмысқа өкініп, қылмыс жасамай, уақытты қайтарғысы келетін сотталғандарды жиі көріп жүрміз. Бірақ олар сотталды және оны өзгерту мүмкін емес. Ал сізде бәрі алда және біз сіздердің ешқашан заң алдында қиындықтарға тап болмай, еліміздің лайықты азаматы боласыз деп сенеміз, – деді өз сөзінде жиынды ұйымдастырушы пробация қызметінің аға инспекторы Бейбіт Болатханұлы.
Мұндай кездесулердің қажеттілігі анық – заң өкілдері жасөспірімдердің сотталып, пробация қызметінің есебінде тұрғанына, іс жүзінде жазасын өтеп жүргеніне нақты мысалдар келтіреді.
Пробация қызметінің инспекторлары кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша білім беру ұйымдарымен бірлесіп белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын айта кеткен жөн.