Павлодарда пробация қызметкерлері сотталғанға әкесін табуға көмектесті
Павлодарда пробация қызметкерлері сотталғанға әкесін табуға көмектесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған сотталған азаматқа жылдар бойы іздестірген әкесін іздеп табуға көмек көрсетті. Бұл оқиға — пробация жүйесінің тек қылмыстың алдын алумен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және адами мәселелерді шешуге де бағытталғанын айқын дәлелдейді.
Пробация есебінде тұрған азамат өзінің биологиялық әкесін табу туралы өтінішпен пробация қызметіне жүгінген. Қызметкерлер бұл өтінішке бейжай қарамай, жергілікті атқарушы органдармен және ішкі істер бөлімдерімен бірлесе отырып, іздестіру шараларын жүргізді.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде сотталған азаматтың әкесі табылып, олардың арасында көп жылдан бері үзілген байланыс қайта орнады. Бұл кездесу тараптар үшін де ерекше әсерлі сәтке айналды.
— Біздің басты міндетіміз – сотталғандарды әлеуметтік оңалту және оларды қоғамға қайта бейімдеу. Отбасылық байланыстарды қалпына келтіру – бұл жолдағы маңызды қадамдардың бірі, – деді Павлодар қаласының пробация қызметінің бастығының орынбасары Нұрлан Сеилбек .
Пробация қызметі мұндай әлеуметтік және моральдық қолдау көрсету жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыра бермек.