Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда профилактикалық есепте тұрған азаматтарға қатысты рейд жүргізілді

Павлодарда профилактикалық есепте тұрған азаматтарға қатысты рейд жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласы полиция басқармасы орталық бөлімінің қызметкерлері профилактикалық жұмыстар аясында есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларына барып, кезекті рейдтік іс-шара өткізді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты — құқық бұзушылықтардың қайталануына жол бермеу, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау. Рейд барысында полицейлер профилактикалық есепте тұрған бірқатар азаматпен жеке кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларға қатысты сот немесе әкімшілік тәртіппен белгіленген шектеулердің орындалуын тексерді.

Әрбір азаматпен әңгімелесу кезінде полиция қызметкерлері заң талаптарын қатаң сақтау, құқық бұзуға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті құрметтеу қажеттігін ескертті.

Мұндай профилактикалық іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады және олардың мақсаты — азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, қайталама құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртіпті нығайту.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру