Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда қарсы қозғалыс жолағына шыққан жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодарда қарсы қозғалыс жолағына шыққан жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізіліп жатқан жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған шараларға қарамастан, көлік жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережелерін бұзу тоқтар емес.

Мәселен, Павлодар қаласында Камзин көшесі бойында жүргізуші қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шыққан. Аталған құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, барынша мұқият болуға және жолда бір-біріне құрметпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру