Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ҚАЖ қызметкерлері студенттерге экскурсия ұйымдастарды

Павлодарда ҚАЖ қызметкерлері студенттерге экскурсия ұйымдастарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Заң және тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Марғұлан университетінің студенттері үшін №63 мекемеге профилактикалық экскурсия ұйымдастырды.

Мекеме қызметкерлерінің сүйемелдеуімен студенттер тергеу изоляторындағы ұсталған адамдарды ұстау жағдайларымен, ішкі тәртіп ережелерімен, сондай-ақ тергеу изоляторындағы қызметкерлерінің қызмет ерекшеліктерімен танысты.

Іс-шара барысында дропперлік пен есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға заңға қайшы әрекеттердің құқықтық салдары мен Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтаудың маңызы түсіндірілді.

Сапар аясында дропперлік және есірткі заттарын тасымалдау мен тарату фактілері бойынша жаза өтеп жатқан сотталғандармен студенттердің бейресми кездесуі өтті. Сотталғандар өз өмір жолындағы қателіктері мен заңсыз табыс табудың салдары туралы айтып, жастарды өз жолын қайталамауға, заң талаптарын сақтауға, болашағы мен туған-туыстарын ойлауға шақырды.

Кездесу қорытындысы бойынша студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға тікелей әрі ашық жауап алды.

Мұндай іс-шаралар жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға, құқықтық сананы арттыруға, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің қызметі туралы объективті түсінік қалыптастыруға бағытталған профилактикалық және тәрбиелік сипатқа ие.

Экскурсия барысында әртүрлі курс студенттері бас бостандығынан айыру орындарындағы ұстау жағдайларын көзбен көріп, уақытша ұстау және тергеу камераларымен, сотталғандардың жатын бөлмелерімен, асханамен және мекеменің өзге де нысандарымен танысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру