Павлодарда ҚАЖД қызметкерлері арасында спорттық турнир өтті
Отбасы күні қарсаңында Павлодар облысы ҚАЖД-ға қарасты № 63 мекемесінің қызметкерлері арасында «Әкем, анам, мен – спорттық отбасы» турнирі өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төрт отбасылық команда сайысқа шықты, оның ішінде ҚАЖД қызметкерлерінің балалары – бірінші сынып оқушылары да болды.
Спорттық шараның ашылу сәті қатысушыларды қарсы алудан басталды. Одан кейін команда капитандары өздерінің ұрандарын ұсынды.
Спорттық ынта мен өз командасы үшін жеңіске жетуге деген ұмтылыс, салауатты бәсекелестікпен қатар жүрді. Қатысушылар мәреге бірінші болып жету үшін барын салды. Бұл қызықты жарыстың барлық кезеңдері тартысты өтті.
– Отбасылық тәрбиенің маңызды элементі-физикалық даму. Бірлескен спорт барлық жастағы балалар үшін қызықты, сонымен қатар ата-аналардың өздеріне пайдалы. Ата-аналардың қатысуы балалардың дене шынықтыру мен спортқа деген қызығушылығын қалыптастырады, отбасы ішіндегі байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Бала ата-анасын жаңа қырынан көреді. Мұндай дәстүрлер отбасылық құндылықтарды нығайта алады, ұйымшыл болуға үйретеді, достық қарым – қатынасты тәрбиелейді, физикалық қасиеттерді, ептілікті, төзімділікті, реакциялардың жылдамдығын, зейінді дамыта алады, – деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Александр Тюменцев.
Жарыста мекеме қызметкері Мухамед Киякбаевтың командасы жеңіске жетті. Байқау қорытындысы бойынша барлық командалар грамоталармен, медальдармен, кубоктармен марапатталды, тәтті сыйлықтар, сондай-ақ керемет сергектік пен жағымды эмоциялар алды.
Мекеме басшылығы сондай-ақ жеке құрам үшін мұндай іс-шаралар маңызды тәрбиелік әсер ететінін атап өтті.