Павлодарда қоғамдық орында мас күйде жүрген тұрғын анықталды
Павлодарда қоғамдық орында мас күйде жүрген тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 қыркүйекте Павлодар дүкендерінің бірінің сатушысы полицияға жүгініп, дүкенде ер адамның мас күйінде болғанын хабарлады. Сонымен қатар ол агрессивті әрекет етіп, сатып алушыларды қорлады. Келген патруль тәртіп бұзушыны медициналық куәландыруға алып келді, сараптама нәтижелері орташа алкогольдік масаңдықты көрсетті. Ер адамға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кету керек, жыл басынан бері павлодарлық полицейлер спирттік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін 7 мыңға жуық материалды анықтады.
Полицейлер ҚР ӘҚБК-нің 440-бабында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді сатуға жергілікті атқарушы орган рұқсат берген сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу – 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтыратынын еске салады.