Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда қоғамдық орынды ластаған азаматтар камераға түсіп қалған

Павлодарда қоғамдық орынды ластаған азаматтар камераға түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Адамгершілік пен этика нормалары бала кезінен қалыптасады, бірақ кейде тұрғындар өте әдепсіз әрекет етеді, тәртіптің қарапайым ережелерін ұмытып, балағат сөздер айтып, көшені ластайды. Бұл ретте, осы заң бұзушылық үшін жауапкершілік көзделгенін ескермейді. Жалпы пайдалану орындарының ластану фактілерін Павлодар қаласының жедел басқару орталығының камералары да анықтайды.

– Тұрғындардың темекі шегіп, қалдығын жерге тастаған сәті камераға түсіп қалған. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды,- дейді Павлодар облысы ПД.

Ұсақ бұзақылық – бұл азаматтардың қоғамдық тәртібі мен тыныштығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық. Ұсақ бұзақылықтың ең көп тараған түрі – балағат сөздер, адамдарды қорлау, қоғамдық орындардың ластануы: бұл темекіден, қалдықтан, тұрмыстық қоқыстардан және т.б.

Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Жыл басынан бері облыстың 1154 тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жазаланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру