Павлодарда қоғамдық тәртіпті бұзған азамат әкімшілік жазаға тартылды
Павлодарда қоғамдық тәртіпті бұзған азамат әкімшілік жазаға тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласының полициясына Шөкин көшесіндегі үйлердің бірінде тұратын тұрғындардан мас ер адамның үйдің кіреберісінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғаны туралы шағым түсті.
Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары мас күйінде өзін әдепсіз ұстаған облыс орталығының тұрғынын құрықтады.
Медициналық сараптама қорытындысы бойынша, оның мас екені расталды.
– Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды, – деп мәлімдеді Павлодар қаласы ПБ оңтүстік полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары Рүстем Серғазинов.
Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында осындай құқықбұзушылық жасаған мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылған.