Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери бөлімдері тексерілді

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жеке құрамы инспекторлық тексерістен өткізіліп жатыр. ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Бауыржан Әбжанов бастаған арнайы комиссия алғашқы тексеру жұмыстарын Павлолардағы 5512 әскери бөлімінен бастады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төрт жылда бір келетін кешенді тексерісте Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби біліктіліктері сынға түсуде.  Басты мақсат – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жауынгерлік жай-күйін, әскери қызметшілердің  кәсіби қабілеттерін бақылау, пысықтау.

Тексеріс барысында әскери қызметшілер оқу-жаттығу, тактикалық, дене және атыс даярлығы, мемлекеттік құқықтық дайындық, әскери топография және басқа да негізгі пәндер бойынша сынақ тапсырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру