Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидаты жалғасуда

Өткен тәулікте Павлодар облысының полиция қызметкерлері барлығы 876 құқық бұзушылықты анықтады. Оның 485-і қоғамдық тәртіпке қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рота мен патрульдік полиция батальонының нарядтары күн сайын қызметке шығады. Негізгі күш-жігер қылмыс көп тіркелетін аумақтар мен адамдар жиі жиналатын орындарға бағытталған. Патрульдік қызмет тәулік бойы жұмыс істеп, тұрғындармен тығыз байланыс орнатады.

– Инспекторлар жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылаумен қатар, түрлі оқиғаларға алғашқылардың бірі болып жетіп, қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз етеді, сондай-ақ қылмыстарды «ізін суытпай» ашуға ықпал етеді, – деді Павлодар облысы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмедьянов.

Ведомство мәліметінше, тіркелген құқық бұзушылықтардың басым бөлігі тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда мас күйінде жүру және ұсақ әкімшілік құқық бұзушылықтарға қатысты.

Сонымен қатар ауа райының құбылуына байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, аса мұқият болуға және өңірдегі ауа райы жағдайына қатысты жолданатын SMS-хабарламаларды ескеруге кеңес береді.

Аймақта құқық бұзушылыққа қатысты "нөлдік төзімділік" қағидаты жүзеге асырылуда.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жалғасып, барлық құқық бұзушылар заң аясында жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру