Павлодарда қызды кірпішпен ұрған ер адам ұсталды
Павлодарда қызды кірпішпен ұрған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Полиция қызметкерлері күдікті ер адамды ұстады. Ол Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Сотқа дейінгі өндірісті жүргізу барысында бұл ер адамның қыздың ұялы телефонын тартып алғысы келгені анықталды. Тергеу қарақшылық шабуыл фактісі бойынша жүргізілуде. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.
Естеріңізге сала кетейік, 23 тамызда Павлодар қаласының Орталық полиция бөліміне 20 жастағы павлодарлық қыз жүгінген болатын. Азаматша 21 тамызда сағат 01:10-да үйдің кіреберісінде оның денсаулығына кірпішпен зақым келтірген белгісіз адамға қатысты шара қолдануды сұрады. Осыдан кейін жәбірленушінің кеш жүгінуіне қарамастан, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция күдіктінің жеке басын анықтады.