Павлодарда «қызылға» өтіп кеткен жол талғамайтын көлік жүргізушісі анықталды
Павлодарда «қызылға» өтіп кеткен жол талғамайтын көлік жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 желтоқсанда Павлодар қаласы Лермонтов-Астана көшелерінің қиылысында Toyota Land Cruiser көлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын қызыл белгісіне өтіп кеткен.
– Осылайша жүргізуші ҚР ӘҚБтК 599-бабының 1-бөлімінде көзделген талаптарды бұзуға жол берген. Бұзушылық туралы бейнежазба tipavlo.dar instagram әлеуметтік желісінде шықты. Құқық бұзушы – 23 жастағы қала тұрғыны анықталып, жауапқа тартылды. Оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.
Айта кетейік, жылдың басынан бері 1679 тұрғын жол ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.