Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда рұқсат етілмеген жерге көлік қойғандар жауапқа тартылды

Павлодарда рұқсат етілмеген жерге көлік қойғандар жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол қозғалысы ережелерін бұзу полиция қызметкерлерінің жүргізетін профилактикалық жұмыстарына қарамастан орын алуда.

– Осы жылы Павлодар өңірінің аумағында 186 жүргізуші рұқсат етілмеген жерге көлікті қойғандары үшін жауапкершілікке тартылды. Көбінесе бұл - жаяу жүргіншілер өткелі, тротуарлар, балалар алаңдары, тұрғын үй аулалары, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жақында Павлодар қаласының патрульдік полиция батальоны мысал келтірді - 24 ақпанда ер адам қоңырау шалып, Toyota Camry жүргізушісі көлікті Павлов көшесіндегі аялдамада қалдырғанын айтты. Осыған байланысты көлікті күтіп отырған жолаушылар автобусқа жету үшін көлікті айналып өтуі керек екенін айтқан.

- Бұл қарт адамдар мен балаларға үлкен қолайсыздық туғызады, – деді ол.

Полиция жүргізушіні анықтады. Ол өзінің қателігін ақтауға тырысып, жағдайды түсіндірген.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 597-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сол көшеде тіркелген тағы бір құқық бұзушылық біраз уақыттан кейін орын алды - адамдар көліктерін, жаяу жүргіншілер өткелінде қалдырады деп шағымданды. Әрине, бұл жүріс бөлігін ережелерге сәйкес кесіп өтуге кедергі келтірді.

Аталған тәртіп бұзушыларды анықтап, тәртіп сақшылары оларды ҚР ӘҚБтК 597-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру