Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда сатушыдан 20 млн теңгенің вейпі тәркіленді

Павлодар облысында полицейлер заңсыз вейп саудасын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда электронды темекінің заңсыз айналымы тоқтатылып, полицейлер құны 20 млн теңгеге жуық болатын 4 мыңға жуық вейпті тәркіледі. Тыйым салынған тауар Торайғыров көшесіндегі дүкеннен табылды. Заңсыз тауардың партиясы сатуға арналған.

Тыйым салынған электронды темекі сатумен айналысты деген күдікпен 20 жастағы дүкен сатушысы ұсталды. Қазіргі таңда оған қатысты “Темекіге жатпайтын темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдары 2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстанда вейптерді және оған байланысты сұйықтықтарды сатуға, таратуға және пайдалануға тыйым салынғанын еске салды.

"Заң мен тәртіп" қағидаты ішкі істер органдарының басты басымдығы болып қала береді.

Полицияның міндеті – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау. Құқық бұзушылар заң алдында міндетті түрде жауап береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру