Павлодарда саяжай алқаптарында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
Павлодарда саяжай алқаптарында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қала аумағындағы саяжай алқаптарында жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. Негізгі назар есірткі зертханаларын анықтауға, сондай-ақ есірткі заттарын заңсыз сату және дайындау фактілерін әшкерелеуге бағытталған.
– Өткізіліп жатқан іс-шаралар аясында полиция қызметкерлері 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп "Мелиоратор" бау-бақша серіктестігі аумағында тексеру жұмыстарын жүргізді. Топтар саяжай учаскелері мен оған іргелес аумақтарды қарап, құқыққа қайшы әрекеттердің болуы мүмкін белгілеріне назар аударды, – деді Павлодар қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ерекше тапсырмалар бойынша аға жедел уәкілі Эльмира Сейтахметова.
Ведомствода мұндай профилактикалық жұмыстар тұрақты негізде жүргізілетінін және олардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың денсаулығын қорғауға, сондай-ақ тұрғындарды есірткінің заңсыз айналымына тартуға жол бермеуге бағытталғанын атап өтті.
Сонымен қатар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікті түсіндіруге ерекше көңіл бөлінеді.
Полиция азаматтарды қырағылық танытуға және есірткі құралдарының заңсыз айналымы туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.
