Павлодарда шетелдік туристер полицейлерге алғыс білдірді
Павлодарда шетелдік туристер полицейлерге алғыс білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Велосаяхат кезінде шетелдік туристер Талбикке Томми мен Джейкоб Волл Шарбакты ауданында патрульдік полиция қызметкерлерінің жылы қарсы алуына қуанып, риза болды. Рота қызметкерлері қонақтарды тек қарсы алып қана қоймай, оларға қазақы қонақжайлылықтың үлгісін көрсетті.
Полиция қызметкерлері туристердің бағытын сұрап, аймақтың жол ерекшеліктері туралы айтып берді, қауіпсіздік ережелерін еске салып, жол жүру ережесін қатаң сақтау керектігін атап өтті. Қоштасарда жолдарының ашық, сапарлары сәтті болуын тіледі.
Шетелдік қонақтар көрсетілген қамқорлық пен ықылас үшін шын жүректен алғыстарын білдіріп, мұндай ықыласты қарым-қатынастың ел туралы жылы әсер қалдыратынын айтты.
Күлімдеу, қолдау көрсету мен назар аудару – есте қалатын дүниелер. Осындай қарапайым, бірақ маңызды қадамдар полиция қызметкерлерінің беделін арттырып, сенімді күшейтеді.