Павлодарда шетелдік жұмыс күшін тартқан дәмхана иесіне айыппұл салынды
Павлодарда шетелдік жұмыс күшін тартқан дәмхана иесіне 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейдтік іс-шараны өткізу кезінде полиция қызметкерлері қаладағы кафелердің бірінде шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзғанын анықтады. 35 жастағы кафе иесі Өзбекстанның екі азаматын шетелдік азаматтардың еңбегін үй шаруашылығынан басқа пайдалануға болмайтынын біле отырып, оларды аспаздық еңбекке тартқан.
Анықталғандай, көрші мемлекеттің екі азаматының да Павлодар қаласының маңындағы жеке тұлғада жұмыс істеуге рұқсаты бар, алайда оларға аспаз болып жұмыс істеу әлдеқайда қызық болған сияқты.
Полиция шетелдік азаматтарға қатысты көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылғанын, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша айыппұл салынғанын нақтылады. Ал Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін кафе иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 519-бабына сәйкес 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.