Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда сотталғандар үшін ашық сот отырысы ұйымдастырылды

Павлодарда сотталғандар үшін ашық сот отырысы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының полиция басқармасы шартты түрде мерзімінен бұрын сотталған адамдар үшін ашық сот отырысын ұйымдастырды. Есепте тұрған адамдардың қатысуымен бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру мәселесін шешу бойынша есеп берушінің ашық сот процесі жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – есепте тұрған сотталғандарға жазаны өтеу тәртібін бұзу әрекеттерін болдырмай, нақты салдарын көрсету.

 – Сотта Солтүстік полиция бөлімінің ұсынысы қаралды. Судья Әбілғазина Мейрамгүл жазасын өтеу шарттарын бұзғаны үшін ұсыным қанағаттандырылды. Сотталған адам шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды 2,4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырды. Пробацияда есепте тұрған сотталғандар үшін өз міндеттерін орындаудың маңыздылығын түсіну және жазасын өтеу кезінде бұзушылықтарға жол бермеу үшін демонстрациялық сот процестері ұйымдастырылған. Сотталған сот залында қамауға алынды, – деп атап өтті Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полицияда бұған дейін 50 жастағы ер адам Қазақстан Республикасы ҚК-нің 106-бабы 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылғандығы нақтыланды.

2022 жылдың тамызында пробациялық бақылау белгіленіп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Алайда сотталған адам түзету жолына түспеді, құқыққа қайшы әрекеттерге жол бере бастады: көші-қон заңнамасын бұзды, орташа мас күйінде, бірге тұратын әйелге отбасылық жанжал шығарды, тұрғылықты жері бойынша екі рет тексеру кезінде тұрғылықты жері бойынша болмаған.

Сот сотталған адамға заңсыз әрекетті тоқтатқаны туралы бірнеше рет ескерту жасады.
Айта кету керек осы жылы павлодарлық полицейлердің ұсынымы бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босату 31 тұлғаларға жойылды, олардың барлығы өтелмеген жаза мерзімін өтеуге бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру