Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 70-ке жуық дерегі тіркелді

Павлодарда табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 70-ке жуық дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда полицейлер табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 70-ке жуық фактісінің жолын кесті. Нәтижесінде 300 келіден астам заңсыз ауланған балық ресурстары, балық ресурстарын заңсыз өндірудің 3 фактісі және орманды ұсақ жымқыру фактісі тәркіленді.

– Мысалы, Успен ауданының тұрғындары Қозыкетен ауылының маңындағы көлде 286 келіден астам балық аулады. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тәркіленген балық сараптамаға жіберілді, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Естеріңізге сала кетейік, «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы ел аумағында 2024 жылғы 20 қазаннан 19 қарашаға дейін өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру