Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда  тәртіп сақшылары экологиялық акцияға атсалысты

Павлодарда  тәртіп сақшылары экологиялық акцияға атсалысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Щербакты ауданында ішкі істер органдарының қызметкерлері "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатқа жауапкершілікпен қараудың маңызын көрсетті.

Шара аясында полиция қызметкерлері сенбілік ұйымдастырып, қоғамдық орындарды, су айдындарының жағалауларын және қызметтік нысандардың аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Бұл бастама тазалықты қамтамасыз етумен қатар, тұрғындар арасында табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

— Полиция тек тәртіп күзетшісі ғана емес, сонымен қатар қоғамның белсенді мүшесі. Елдің тазалығы — әр азаматтың қолында. Туған өлкемізді таза ұстау — ортақ міндетіміз, — деді Щербакты аудандық жергілікті полиция бөлімінің бастығы Арман Абдугалиев.

Сонымен қатар полицейлер тұрғындарға тұрмыстық қалдықтарды дұрыс жою ережелері мен қоршаған ортаны ластауға қатысты жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Акция жаз бойы жалғасып, ауданның барлық ауылдық округтерін қамтымақ. Мұндай бастамалар полиция мен халық арасындағы өзара сенімді нығайтып, өскелең ұрпаққа үлгі болуға септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру