Павлодарда түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды
Павлодарда түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнде үйден тыс жерде болуына тыйым салынады. Мәселен, Павлодар қаласында Катаев көшесінде полиция сағат 23:00-ден кейін көшеде жүрген 17 жастағы жасөспірімді тоқтатты. Әңгіме барысында жасөспірімнің түнгі уақытта үйден тыс жерде жүргені үшін полицияға тағы да келіп тұрғаны белгілі болды. Ата-аналар қайтадан жазаланды, әкесіне 7 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Тағы бір жағдайда 14 жастағы қыздың әкесі жауапқа тартылды, ол да түнде үйден тыс жерде болған.
– Жыл басынан бері облыста балалардың түнгі серуені үшін 98 заңды өкіл жазаланды, тағы 18 ата – ана балаларды дұрыс тәрбиелемегені үшін жауапқа тартылды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Полиция жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін төрт кәсіпкердің жазаланғанын атап өтті.