Павлодарда тұрғын полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді
Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Павлодар қаласының тұрғыны Ажар Тұтынбаевадан алғыс хат келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ажар Тұтынбаева Павлодар қалалық ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері Жандос Жүнісбековке, Ерік Жақыповқа, Алмас Сағадатовқа және Сайдалы Мусинге алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде көрсеткен жоғары кәсібилігі үшін алғыс білдірген.
– Крыша.KZ сайтынан жалдамалы пәтер іздеу кезінде мен іздегенімді таптым. Хат алмасу барысында қыз басқа қалада екенін және тек келген кезде пәтерді көрсете алатынын айтты. Сонымен қатар пәтерді жалдауға ниет білдірушілер көп екенін, сондықтан 50 мың теңге көлемінде депозит салу қажеттігін атап өтті. Сенімді болу үшін ол жеке куәлігін жіберді. Оған сеніп, мен көрсетілген соманы жұбайының нөміріне аудардым. Ақшаны алғаннан кейін қыз байланысқа шығуды тоқтатты. Мен алаяқтардың қолына түскенімді түсініп, бұл туралы полицияға айттым. Тәртіп сақшылары менімен әңгімелесіп, менің өтінішімді тіркеді. Айта кету керек, ақшаны қайтарудың алдында полиция үлкен жұмыс істеді. Жігіттер одан әрі транзакциялар мен аударымдар туралы куәлік берген дропперді орнатты. Бұдан әрі екінші деңгейдегі банктермен және басқа да органдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмыс жүзеге асырылды. Осыдан кейін ғана Қарағанды қаласында тұратын күдіктінің жеке басы анықталды. Оны Жандос Жүнісбеков пен Ерік Жақыпов ұстады. Осындай адал полиция қызметкерлерінің арқасында кінәлі азамат ұсталып, жазаланды. Сіздерге денсаулық, жақсылық, сәттілік тілеймін! Көмектеріңіз үшін рақмет, – деп жазды Ажар.
– Азаматтардың құқықтарын қорғау және қылмысқа қарсы күрес жүргізу – біздің басты міндет. Тұрғындардың алғысы – ең үлкен сый, – дейді полиция қызметкерлері.
Полиция қызметкерлері азаматтарды сақ болуға шақырады.