Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда тұрғын терезеден заттарды лақтырып, жанжал шығарған

Павлодарда тұрғын терезеден заттарды лақтырып, жанжал шығарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 желтоқсанда «102» нөміріне Қамзин көшесінің тұрғыны қоңырау шалып, өзінің жұмыста екенін, ал үйде күйеуі мен әпкесінің арасында жанжал туындағанын айтып шағымданды.

Ал келесі шақыртуда күйеуі терезеден заттарды лақтырып, жанжал шығарып жатқанын айтқан.

Бірнеше минуттан кейін аталған мекенжайға келген тәртіп сақшылары үйдің терезесінен лақтырылған тұрмыстық заттар мен киімдерді көріп, жанжалдың куәсі болған. Тек полицейлерді көргенде ғана ер адам тынышталып, отбасымен біраз уақыт бойы тұратын әпкесіне қатты ашуланғанын айтқан.

Отбасылық жанжал шығарушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Ер адам өзінің іс-әрекеті үшін туысқанынан кешірім сұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру