Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда тұрғындардың тыныштығын бұзған азамат жауапкершілікке тартылды

Павлодарда қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың тыныштығын бұзған азамат жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның хабарлауынша, түнгі сағат екілер шамасында Audi көлігінде отырған ер адам музыканың даусын қатты шығарған. Осылайша ол тұрғындардың түнгі тыныштығын бұзып, мазалаған.

Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері көлік иесіне қатысты хаттама толтырып, осындай жағдайларды болдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полиция өкілдері тұрғын үй аумақтарында музыканы қатты қосып, тұрғындардың тыныштығын бұзу – әкімшілік жауапкершілікке әкелетінін еске салды. Сондай-ақ құқық бұзушылықты байқалса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырды. Мұндай алдын алу шаралары тұрғындар арасындағы бейбіт өмірді қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру