Павлодарда тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтар үшін 2179 азамат жауапқа тартылды
Павлодар тәртіп сақшылары тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтар үшін 2179 азаматты жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, ішкі істер министрі 2021 жылды «Құқық бұзушылықтардың алдын алу және полицияның қадамдық қолжетімділік қағидатын қамтамасыз ету жылы» деп жариялады. Учаскелік полиция инспекторлары халықты аралайды, қызмет көрсету аумағындағы криминогендік жағдайды ескере отырып, учаскелердің паспорттары тұрақты негізде жаңартылады. Есепте тұрған контингентпен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Тәртіп сақшылары тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтар үшін 2179 азамат жауапқа тартылғанын атап өтті. 4482 қорғау ұйғарымы шығарылды. Құқық бұзушылардың жүріс-тұрысына, оның ішінде спирттік ішімдіктерді пайдалануға тыйым салуға 530 ерекше талап белгіленген.
– «Полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидаты бойынша учаскелік полиция инспекторлары үйлердің тұрғындарымен, ПИК төрағаларымен, саяжай бағбандықтарымен, гараж кооперативтерімен бірлесіп, жасалған құқық бұзушылықтарға жедел ден қоюға, ал азаматтарға полицияның жұмысын бағалауға мүмкіндік беретін «WhatsApp» және «Telegram» мессенджерлерінде топтар, сондай-ақ «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшалар құрылды. Павлодар қаласының ең криминогендік учаскелерінде полицияның 2 модульдік стационарлық бекеті орнатылды, онда қызмет тәулік бойы жағалауда және сапаржай ауданында жүзеге асырылады, – деп хабарлады Жасқайрат Қайыров.