Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Павлодарда отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық учаскелік полиция пункті базасында Дағдарыс орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да мүдделі органдардың қатысуымен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Облыстық полиция ведомствосының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері қатысушыларды аймақтағы жағдай туралы хабардар етті. Осы жылдың басынан бері өңірде тұрмыс саласында 13 қылмыс тіркелді. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 663 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Полиция қызметкерлері 534 қорғаныс ұйғарымын шығарды, оны бұзғаны үшін 35 адам жазаланды. Сот учаскелік инспекторлардың өтініші бойынша құқық бұзушының тәртібіне 143 ерекше талап қойды, оларды бұзғаны үшін 70 құқық бұзушы жазаланды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар өз ұйымдарының қызметі, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсетуі мүмкін көмек туралы айтып берді. Сондай-ақ проблемалық сәттерді талқылап, одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

- Кездесуіміздің мақсаты - мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың отбасылық құндылықтарды сақтау, әйелдердің құқықтарын қорғау және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша күш-жігерін біріктіру, - деп атап өтті ҮЕҰ өкілдері.

- Тұрмыстық зорлық-зомбылық кең таралған әлеуметтік проблемалардың бірі және тек отбасылық қатынастардың бұзылуымен ғана емес, сонымен бірге отбасының негіздері мен моральдық құндылықтарының жоғалуымен де байланысты. Біздің міндетіміз - алдын алуда бұған жол бермеу және кінәлінің өз жазасын алғанын дәлелдеу, - деп атап өтті Павлодар облысының полиция департаменті.

Кеңес барысында аталған санаттағы істерді қарау кезінде негізгі проблемалық мәселелер қаралды, барлық ведомстволар өкілдерінің ұсыныстары тыңдалды, сондай-ақ өзара іс-қимылды жақсарту бойынша объективті нұсқаулар берілді.

"Заң және тәртіп" қағидатын іске асыру шеңберінде облыстық полиция ведомствосының отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі бөлімшесінің қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы үндемей қалмауға шақырады, мүмкін сіздің қоңырауыңыз отбасындағы қайғылы жағдайдың алдын алады.

Егер сіз құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, "102", 8 (7182) 37-81-14 телефоны бойынша хабарлаңыз, "Police 102" мобильді қосымшасын пайдаланыңыз немесе ақпаратты @dp_pavlodar, @7_police_pvl Instagram direct-ке жіберіңіз. Анонимділікке кепілдік беріледі.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру