Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда "Учаске" ЖПІШ барысында полицейлер халықпен жиын өткізді

Полиция департаменті қала тұрғындарын жинап, сауалдарына жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құқықтық тәртіп сақшылары заңнама мен құқық бұзушылық әрекеттерінің жауапкершілігін түсіндіріп, азаматтарды алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жүргізіп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері алаяқтардың құрбаны болмау үшін сақтық шараларын ескертіп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарды полиция өкілдеріне тікелей қойып, кеңес алды.

- Мұндай іс-шаралар халықпен ашық диалог орнатуға көмектеседі. Азаматтар өздерінің пікірлері маңызды деп санайды және бұл өзара сенімді нығайтады. Біз қаланы қауіпсіз ету үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз, – деп атап өтті Павлодар қаласының солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Ренат Шәріпов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру