Павлодарда учаскелік полиция инспекторлары алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Павлодарда учаскелік полиция инспекторлары алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласы полиция басқармасының Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары тұрғындар арасында профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр. Атап айтқанда олар ақпараттық кітапшалар таратып, азаматтармен жеке әңгімелер өткізуде, сондай-ақ кіреберістер мен өзге де қоғамдық орындарға алдын алу жаднамаларын орналастыруда.
Аталған іс-шаралардың негізгі мақсаты - азаматтардың алаяқтықтың ең кең таралған түрлері туралы хабардар болу деңгейін арттыру. Полиция қызметкерлері алаяқтардың әрекет ету тәсілдерін, қолданатын айла-тәсілдерін және олардың құрбанына айналмау үшін сақталуы тиіс қауіпсіздік шараларын түсіндіреді.
Ерекше назар егде жастағы адамдарға аударылады, себебі бұл санат алаяқтардың арбауына жиі түседі.
Түсіндіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлері:
-
пайдалы ақпарат пен күмәнді жағдайларда хабарласуға арналған телефон нөмірлері көрсетілген жаднамаларды таратады;
-
тұрғындар жиі келетін орындарға алдын алу парақшаларын іледі;
-
SMS-хабарламалар арқылы келген кодтарды, жеке деректерді және банк реквизиттерін бөгде адамдарға хабарлауға болмайтынын ескертеді.
Полиция ескертеді: егер алынған ақпараттың шынайылығы күмән тудырса немесе алаяқтық белгілерін байқасаңыз, жақын жердегі полиция бөліміне жедел түрде жүгіну немесе 102 нөміріне хабарласу қажет.
