Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда үй алуға көмектесуге уәде берген алаяқ ұсталды

Павлодарда үй алуға көмектесуге уәде берген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жаңа жылдық мерекеден кейін Павлодар қаласының полициясына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз шағымында 2022 жылдың шілдесінен бері танысымен кездескенін жеткізді. Алаяқ үш ай бойы 33 жастағы павлодарлықтың сеніміне кірген.

Қыркүйек айында ол жәбірленушінің әкімдікте тұрғын үй алуға кезекте тұрғанын біліп, пәтер алуға көмектесетінін айтқан. Сеніміне кіру үшін ол қандай құжаттар қажет екенін және жалпы ақпарат туралы түрлі нұсқаулармен дауыстық хабарламалар жіберген. Ол өзінің «қызметін» шамамен 1,5 млн теңгеге бағалаған. Қолма-қол ақшаны алған танысы кейін байланысқа шықпаған. Тек сонда ғана тұрғын алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Павлодар облысының 34 жастағы тұрғынан ұстады.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру