Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында үй жануарларын серуендету ережелерін бұзған тұрғындар жауапқа тартылды

Павлодар облысында үй жануарларын серуендету ережелерін бұзған тұрғындар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері күнделікті жұмысында үй жануарларын ұстау және серуендету ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады. Бекітілген аумақтарды аралау кезінде полицейлік қызмет инспекторлары азаматтарға аталған талаптарды түсіндіру бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізеді.

Полиция қызметкерлері иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережелерін бұзған жағдайда иесі жауапкершілікке тартылатынын еске салады.

Айта кетейік, полицияға қала тұрғыны қоңырау шалып, дүкен маңында иттер жүргенін айтқан. Ал Екібастұз қаласында да полицияға тұрғын шағымданған. Айтуынша көшеде ит үріп, мазасын қашырған. Полиция қызметкерлері иттердің иелерін анықтап, оларды ережені бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Жалпы, жыл басынан бері иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету ережелерін бұзған 274 үй жануарының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру