Павлодарда үйлердің кіреберісінде ішімдік ішкен тұрғындарға айыппұл салынды
Павлодарда үйлердің кіреберісінде ішімдік ішкен тұрғындарға айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарлықтар күн суық болғаннан үйлердің кіреберісінде алкоголь ішетін азаматтарға жиі шағымдана бастады.
– Мысалы, 17 сәуір күні сағат 18.35-те Естай көшесінің тұрғындары аула тұрғындары жиі жиналатын жерде отырыс ұйымдастырылғанын көрді. Кіреберісте бірнеше ер адам ішімдік ішкен. Тұрғындардың ескертулерін елемеген. Осындай шақыру Малайсары батыр көшесіндегі үйден сағат 23.45-те келіп түсті, онда бір топ компания 8-қабатта дастархан ұйымдастырып, ішімдік ішкен, темекі шеккен. Ал таңертең тұрғындар да, балалар да темекі қалдықтары мен бөтелкелерді көрген, – деді Павлодар қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері «демалу» әуесқойларын анықтап, төрт адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасады, әрқайсысына айыппұл салынды. Бүгінгі таңда қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін Павлодар облысының 2049 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
– Полиция қызметкерлерінің жұмыс тиімділігінің негізгі критерийі – ішімдік ішкені үшін ұсталғандардың саны емес, патрульдеу аумағындағы тәртіптің сақталған. Егер сіз қоғамдық жерде алкоголь ішсеңіз және тәртіп сақшысы сізге ескерту жасаса, ескертуді елегеніңіз абзал. Егер сіз қолданыстағы заңды сақтағыңыз келмесе, онда тиісті жазаны өтеуіңіз керек. Мұндай фактілердің алдын алу жұмыстары үнемі біздің назарда. Ауладағы мас адамдар туралы «102» телефоны арқылы хабарлауға немесе «police 102» мобильді қосымшасын пайдалануға болады, – деп атап өтті полицейлер.