Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда үш мың азамат көші-қон заңнамасын бұзған

Павлодарда үш мың азамат көші-қон заңнамасын бұзған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысында полицейлер "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында облыс тұрғындарының 190 мыңнан астам үйі мен пәтерін аралап шықты. Тексеру нәтижесінде 15 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың қатарында қоғамдық орындарда алкоголь өнімдерін ішу, ұсақ бұзақылық, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңбұзушылықтар және көші-қон ережелерін бұзу деректері бар.

Барлық анықталған құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мәселен, аула аралау барысында елімізде болу мерзімін асырып жіберген көрші мемлекеттің азаматы анықталды. Аталған дерек бойынша іс материалдары сотқа жолданды.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары 8 мыңнан астам азаматтық қару иесін тексеріп, қарудың сақталу ережелерін қатаң бақылауға алды. Тексеру барысында 63 дана қару заңбұзушылықтар анықталғандықтан тәркіленді.

Еске сала кетсек, "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы 1 қарашаға дейін жалғасады. Павлодар облысының полиция департаменті тұрғындар мен қала қонақтарынан полицейлердің қызметтік іс-шараларына түсіністікпен қарап, құқықтық тәртіпті сақтауға белсенді атсалысуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру