Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда ұсталған қылмыстық топ мүшелерінің Алматы облысындағы ұрлыққа қатысы бар екені анықталды

Павлодарда ірі көлемдегі ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған қылмыстық топ мүшелерінің Алматы облысының аумағында жасалған 116 млн теңгенің ұрлығына қатысты екені анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Жақында Павлодар қаласында жалпы сомасы 600 мың теңге болатын ұрлық жасады деген күдікпен ұсталған қылмыстық топтың екі мүшесінің Алматы облысында да осындай ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Тергеу барысында ер адамдардың үйге кілттерді таңдау арқылы кіргені белгілі болды, онда гауһар тастары бар қымбат бағалы зергерлік бұйымдар, жалпы сомасы 116 миллион теңге ақша ұрланған, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Полиция қызметкерлері аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ұсталғандар қамауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру