Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда «Уылдырық шашу» жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды

Павлодарда «Уылдырық шашу» жедел алдын алу іс-шарасы қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 сәуір мен 30 мамыр аралығында полицейлердің назары аймақтың ерекше қорғалатын табиғи аумақтары мен ащы-тұзды көлдеріндегі браконьерлік фактілерінің жолын кесуде болды.

– Нәтижесінде полиция балық аулау ережелерін бұзудың 84 жолын кесті, құқық бұзушылық жасаудың 31 құралы тәркіленді. Барлық құқық бұзушылар жауапқа тартылды. Мысалы, 9 мамыр күні сағат 06.30-да Стэлла – Екібастұз автожолында полиция қызметкерлері 64 жастағы қала тұрғынының басқаруымен Toyota көлігін тоқтатты. Автокөлікті тексеру кезінде багаждан жалпы салмағы 338 келі балыққа толы 12 қапшық табылды, тиісті құжаттары болмаған. Ол Екібастұз қаласының Солнечный кентінің Шандаксор көлінде балық аулағаны анықталды. Көлік Екібастұз қаласының арнайы тұрағына қойылды. Алу хаттамасымен алынған балық өнімдері іс жүргізу шешімі қабылданғанға дейін тоңазытқыш камераға сақтауға берілді, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Бұдан басқа, рейдтік іс-шаралар барысында балық аулау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп 20 мамырда сағат 04.35-те Май ауданының аумағында Audi-80 көлігі тоқтатылды. Автокөліктің салонында жалпы салмағы 372 келі балық салынған 9 қапшық табылды, оның да рұқсат құжаттары болмаған.

Сондай-ақ полицейлер Қытайда жасалған 3 желіні және резеңке үрлемелі қайықты тәркіледі. Жұмыскер ауылдық округінің Қарасор көлінің маңында балық ауланғаны анықталды. Осы фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 335-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жедел-профилактикалық іс-шара аяқталды, бірақ полицейлер азаматтардан су биоресурстары мен балық шаруашылығы маңызы бар су объектілерін қорғау және сақтау саласындағы заңды бұзбауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру