Павлодарда заңсыз келушілердің кәсіпкерлігіне тосқауыл қойылды
Павлодарда заңсыз келушілердің кәсіпкерлігіне тосқауыл қойылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысында 5 қарашадан бастап “Заңсыз келуші - 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның басты мақсаты – заңсыз көші-қонға және рұқсатсыз еңбек қызметіне қарсы іс-қимыл жүргізу.
Мәселен, Баянауыл ауданында полицейлер шетел азаматының заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқанын анықтады. Тексеру барысында ер адамның Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауылында уақытша тұруға және еңбек етуге рұқсат алғанына қарамастан, Баянауыл ауданында сауда жасап жүргені белгілі болды. Аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.
"Заңсыз келуші - 2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы 9 қарашаға дейін жалғасады.
Полиция облыс тұрғындары мен қонақтарын көші-қон заңнамасын сақтауға және заңсыз еңбек қызметінен бас тартуға шақырады.
