Павлодарда жас қызметкерлер мекеме аумағында көгалдандыру жұмыстарын жүргізді
Павлодарда жас қызметкерлер мекеме аумағында көгалдандыру жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №46 мекемесінде көгалдандыруға бағытталған экологиялық акция өтті. Іс-шараға мекеме басшылығы мен жас қызметкерлер белсене қатысты.
Акция аясында мекеме аумағына ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл бастама экологиялық ахуалды жақсартуға, ұжымдық рухты нығайтуға және қызметкерлердің табиғатқа деген жанашыр көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.
ҚАЖД №46 мекемесінің жалпы мәселелер жөніндегі бастығының орынбасары Серікбол Шәріпбеков мұндай шаралардың маңыздылығына тоқталды:
— Қоршаған ортаға қамқорлық жасау мен мекеме аумағын абаттандыру — бұл экологияға қосқан үлес қана емес, сонымен қатар жеке құраммен жүргізілетін тәрбиелік және патриоттық жұмыстың бір бөлігі. Жас қызметкерлердің мұндай бастамаларға белсенді қатысуын қолдаймыз және бұл үрдісті жалғастыратын боламыз, — деді ол.
Мекеме ұжымы алдағы уақытта да осындай игі дәстүрді жалғастырып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұруды жоспарлап отыр.