Павлодарда "Жас жол инспекторлары – 2025"слеті өтті
Павлодарда "Жас жол инспекторлары – 2025" қалалық слеті өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодарда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды іс-шара – "Жас жол инспекторлары – 2025" қалалық слеті өтті. Аталған шара №11 орта мектептің аумағында ұйымдастырылып, оған 12-14 жас аралығындағы 130 оқушы қатысты. Олар – қаладағы 13 жалпы білім беретін мектептің жол қозғалысы жас инспекторлары.
Слеттің негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ жол-көлік жарақаттану көрсеткішін төмендету. Іс-шараны Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдастырды.
Бағдарлама аясында қатысушылар алты номинация бойынша өзара бақ сынасты: "Саптық байқау", "Жол ережесін білушілер", "Жас реттеуші", "Жас санитар", "Полиматтар турнирі" және алдын ала дайындалған "Бейнероликтер байқауы".
Оқушылар жол қозғалысы ережелерін білу деңгейін, бағыт-бағдар алу дағдыларын, реттеуші ретіндегі шеберлігін көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша №40 орта мектептің "Жол сақшысы" командасы І дәрежелі дипломмен марапатталып, қалалық слеттің жеңімпазы атанды. Олар 2025 жылғы 16 маусымда өтетін облыстық кезеңге қатысуға жолдама алды.
ІІ орын Қ. Бекқожин атындағы мектептің "Сұңқар" командасына бұйырды. "ЖЖЕ Білгірлері" номинациясында С. Торайғыров атындағы мектептің командасы үздік деп танылды. №38 және жетекшілік орта мектептердің "Бағдаршам" командалары "Қауіпсіздк қыздары" аталымына ие болды. №11 мектептің "ЖЖЕ-патруль" командасы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Сондай-ақ "Жол достары" – Р. Нұртазин атындағы мектеп, "Жас полиция көмекшілері" – №24 мектеп, "Балалық шақтың жақсы жолы" – №26 мектеп, ал "Бағдаршам" номинациясы А. Байтұрсынов және №41 мектептің "Роадеры" командаларына берілді.
– Қозғалыстың жас инспекторлары – қоғамға қажет бастама. Бұл жоба жас ұрпақтың өмірі мен денсаулығын сақтау жолындағы маңызды жұмыстардың бірі, – деп атап өтті ведомство өкілдері.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар балалардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, жолдағы жауапкершілік пен қауіпсіздікке бейімдеуге сеп болады.