Павлодарда жас жұбайлар айыппұлдан қорқып, үйлену тойынан қашып кетті
Павлодарда жас жұбайлар айыппұлдан қорқып, үйлену тойынан қашып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Құрамына полиция қызметкерлері кіретін мониторингтік топтар Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері қаулысының талаптарын сақтау мәніне тұрақты түрде тексеруді жүзеге асырады.
Өткен демалыс күндері Павлодарда қаулы талаптарының 11 бұзылуы анықталды.
Мысалы, 6 тамыз күні сағат 20:00-де Хайдаров көшесіндегі тойханада мониторингтік топ үйлену тойын өткізу фактісін анықтады, онда 30-ға жуық қонақ болды. Сонымен қатар тексерушілерді көріп, жауапкершіліктен және жоғары айыппұлдан қорқып, қонақтар ғана емес, қалыңдық пен күйеу жігітте үйлену тойынан қаша жөнелді. Керемет ақ көйлектің жеңін көтеріп, оқиға кейіпкері артқа қарамай қашып кетті.
Бірақ қашу әрекеті сәтсіз болды, барлық бұзушылар полиция бөліміне жеткізіліп, жеке тұлғалар анықталды.
– Аталған факті бойынша барлық материалдар жиналып, ҚР ӘҚБК 425-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Осы бапқа сәйкес үйлену тойының әрбір қатысушысына 30 АЕК мөлшерінде, сондай-ақ мекеме иесіне 230 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді – деп атап өтті Павлодар қаласының ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Каптаев.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодарда мониторингтік топтар санитарлық нормаларды бұзудың 146 фактісін анықтады.