Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жастарға есірткінің заңсыз айналымының қауіптілігі түсіндірілді

Павлодарда жастарға есірткінің заңсыз айналымының қауіптілігі түсіндірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жастар күніне арналған іс-шаралар аясында Павлодар қаласында тұрғындар мен қонақтарды есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысудың зардаптары туралы ақпараттандыруға бағытталған профилактикалық акция өтті.

Шараны Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл бөлімшелері "New Vision Team" қоғамдық қорының белсенділері және Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының волонтерлерімен бірлесіп, Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен ұйымдастырды. Акция барысында бейнематериалдар көрсетіліп, ақпараттық буклеттер таратылды.

Жастарға заңсыз заттарды қолдану мен таратудың құқықтық және әлеуметтік салдары түсіндіріліп, денсаулықты сақтау мен өмірде қауіпсіз жолды таңдаудың маңыздылығы атап өтілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру