Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жаяу жүргіншілерді өткізбеген жүргізушілер жазаланды

Павлодарда жаяу жүргіншілерді өткізбеген жүргізушілер жазаланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Зебра алдындағы жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол беруі тиіс, ал жаяу жүргіншілер өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алдымен солға, кейін оңға қарап, жолдың қауіпсіз екеніне көз жеткізуі қажет. Алайда іс жүзінде көптеген жүргізушілер жаяу жүргіншілер өткеліне жақындап қалған адамдарға жол беруден бас тартады, бұл өз кезегінде адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Мысалы Павлодар қаласында Hyundai автокөлігінің жүргізушісі Катаев – Ломов көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Жаяу жүргіншілерге жол бермеу дерегі бойынша жүргізуші 10 АЕК көлемінде айыппұлға тартылды. Айта кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында 1456 жүргізуші жаяу жүргіншілерге жол бермеу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Заң және тәртіп" қағидатын ұстана отырып, полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жаяу жүргіншілер өткеліне кенеттен жүгіріп шықпауға шақырады. Сақтық пен мұқияттылық – жүргізушілерді айыппұл санкцияларынан құтқаратын басты кепіл.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру