Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда «Жол бер» акциясы өткізілді

Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыстық ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметімен бірлесіп «Жол бер» акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл акцияның мақсаты – қызметтік автокөлік құралдарындағы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, сондай-ақ көк және қызыл түсті жарқылдауық маяктары мен арнайы дыбыстық сигнал қосылған арнайы автокөлік құралдарына жол бермейтін жүргізушілерді анықтауға бағытталған.

– Мысалы, Қамзин-Циолковский көшелерінің қиылысында Volkswagen Passat көлігі тоқтатылды, оның жүргізушісі өрт сөндіру бөлімінің қызметтік автокөлігіне арнайы жарық және дыбыстық сигнал қосылған кезде қозғалыста жол бермеді. Жүргізушімен мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді, – деді Павлодар қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Руслан Әлиасқаров.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары мұндай акцияларды мүмкіндігінше жиі өткізу керек екенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру