Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда жол ережесін бұзған құқық бұзушылар жауапқа тартылды

Павлодарда жол ережесін бұзған құқық бұзушылар жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күн сайын патрульдік полиция ротасы мен батальонының жасағы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында қызметке кіріседі. Негізгі бағыттар – қылмыс деңгейі жоғары аудандар мен халық көп жиналатын орындар.

– Патрульдік полиция – бұл тәулік бойы, апта бойы халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін қызметтердің бірі. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар, инспекторлар қоғамдық орындардағы тәртіпті бақылайды, тұрғындардың хабарламаларына жедел әрекет етеді, оқиға орындарына алғашқылардың бірі болып жетеді және "ізін суытпай" қылмысты ашады, – дейді Павлодар облыстық полиция департаменті.

Анықталған құқық бұзушылықтардың ішінде 314-і жол қозғалысы ережелерін бұзу. Олардың ішінде: 178 жүргізуші жылдамдық режимін асырған, 21 адам жол белгілеріне бағынбаған, 5 жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізген.

Мысалы, Павлодар қаласында Қ.Қасымов және М.Горький көшелерінде мас күйінде көлік жүргізген Honda мен Hyundai автокөліктері тоқтатылды. Сондай-ақ Проезд И1 көшесінде электромотоцикл жүргізушісі тоқтатылған, ол да мас күйде болған. Медициналық сараптама олардың алкоголь ішкенін растады. Құқық бұзушылардың көліктері арнайы тұраққа қойылып, материалдар сотқа жолданды.

Қоғамда ұсақ құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" қағидатын қамтамасыз ету үшін тәртіп сақшылары қосымша шаралар қабылдауда. "Заң мен Тәртіп" қағидаты – ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған негізгі ұстанымдарының бірі болып қала береді. Құқық бұзғандар сөзсіз жауапқа тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру