Павлодарда жол қозғалысы ережесін бұзғандар камера арқылы анықталуда
Павлодарда жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтар камера арқылы анықталуда, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар қаласында жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары тәулік ішінде 50-ден астам құқық бұзушылықты тіркеді. Оның ішінде 38 дерек – жол қозғалысы ережелерін сақтамауға қатысты. Ең жиі кездесетін заң бұзушылықтар қатарында — қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізу және рульде отырып ұялы телефон пайдалану бар.
Мәселен, Назарбаев көшесінде Lexus автокөлігінің жүргізушісі бірден екі ережені бұзған: қауіпсіздік белдігін тақпаған әрі көлік басқара жүріп, ұялы телефонмен сөйлескен. Тағы бір жағдайда Hyundai автокөлігін тізгіндеген жүргізуші де белдік тақпай қозғалған. Барлық құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.
Құрметті жол қозғалысына қатысушылар! Полиция сіздерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Себебі олар әрбір азаматтың өмірі мен қауіпсіздігін қорғау үшін бекітілген. Жолда барынша мұқият болып, сақтық танытып, өзге қатысушыларға сыпайылық танытыңыздар.
"Заң мен тәртіп" қағидаты – ішкі істер органдары қызметінің басты негізі болып қала береді. Әрбір құқық бұзушы жасаған әрекеті үшін заң алдында міндетті түрде жауап береді, – деп атап өтті ведомство.